2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара/Торжественное мероприятие, посвящённое окончанию 2024-2025 учебного года

23 мамыр күні № 1 мектеп-лицейінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

11-ші сыныптың оқушылары үшін мектепті бітіру мерекесі ерекше, толқынысқа толы күн болды. Іс-шара салтанатты сап түзеуден басталды, ол жерде әнұран шырқалды, мұғалімдерге алғыс сөздер айтылды және мектеп әкімшілігі тарапынан құттықтау сөздер жолданды.  

Он бірінші сынып түлектерінің сынып жетекшілері, қолға алғаш қалам ұстатқан тұңғыш мұғалімдері, сондай-ақ, ата-аналар комитетінің өкілдері жылы лебіздерін, изгі тілектерін білдірді. Түлектер орындаған шығармашылық нөмірлер, шырқалған әсерлі әндер мен мұғалімдерге шын жүректен жолданған алғыс сөздері мерекенің ерекше бөлігіне айналды.

Іс-шара дәстүрлі түрде өтетін қоштасу вальсімен аяқталды. Бұл вальс қатысушылардың көңіліне қуаныш сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.

Мектебіміздің түлектеріне емтиханды сәтті тапсырып, қалаған оқу орындарына түсіп, армандаған мамандықтың иесі атануына тілекшіміз!


23 мая в школе-лицее №1 прошли торжественные мероприятия, посвящённые окончанию учебного года. Для учащихся 11-х классов этот день стал особенным и волнительным.      Мероприятие началось с торжественной линейки, на которой прозвучал гимн, были произнесены слова благодарности педагогам и поздравления от администрации школы.

С тёплыми словами напутствия к одиннадцатиклассникам обратились классные руководители и первые учителя, а также представители родительского комитета. Особой частью праздника стали творческие номера от выпускников — трогательная песня и искренние слова признания учителям.

Мероприятие завершилось традиционным прощальным вальсом, который вызвал у всех присутствующих много эмоций и оставил незабываемые впечатления.

Желаем нашим выпускникам удачи на экзаменах, успешного поступления в выбранные учебные заведения.

 

 

Additional information

Посмотреть на карте Костаная